Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанынан ашылған Қайырымдылық мекемесінде кезекті ізгілік шарасы өтті.
Көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға киім-кешектер таратылды.
Ізгілік шарасы 50 отбасын қамтыды.
Еске сала кетелік, бірнеше жылдан бері Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанынан Қайырымдылық мекемесі жұмыс жасап келеді. Мекеме әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақтарға азық-түліктей, киім кешек түрінде тұрақты қолдау көрсетіп келеді.
Орталық «Иманғали» мекемесінің баспасөз-қызметі.