Атырауда орталық мешітте қайырымдылық шарасы өтті

Атырауда Астана күні мерекесіне орай, 23 мұқтаж отбасына азық-түлік үлестірілді.

«Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық орталығының ұйымдастыруымен өткен акция әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларды және жалғызбасты қарттарды қамтыды.

Шара аясында Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев насихат айтып, қайырымдылық бағытындағы шаралардың жалғасын табатынын атап өтті.

Еске сала кетелік, орталық мешіт жанындағы Қайырымдылық орталығы екі бағытта қызмет көрсетуде. Мұнда мұқтаж отбасыларға киім-кешек, азық-түлік үлестіріледі. Сондай ақ, қайырымды азаматтар, тұрғындар киім-кешек тапсыра алады.