Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, қайырымдылық шарасы өтті.
Әлеуметтік жағдайы төмен 50 отбасына азық-түлік пакеттері табыс етілді.
Мұқтаж жандарға азық-түлікті облыстың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы табыс етті.
Жиналғандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаған Бас имам қайырымдылық бағытындағы шаралардың жалғасатынын айтты.