Атырауда орталық мешітте Тәуелсіздік күніне орай шара өтті (+ ФОТО)

Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, қайырымдылық шарасы өтті.

Әлеуметтік жағдайы төмен 50 отбасына азық-түлік пакеттері табыс етілді.

Мұқтаж жандарға азық-түлікті облыстың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы табыс етті.

Жиналғандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаған Бас имам қайырымдылық бағытындағы шаралардың жалғасатынын айтты.