Қайырымдылық шарасы «Жусан» операциясы арқылы елге оралған атыраулық әйел адамдарды қамтыды.
Тәуелсіздік күнінің құрметіне өткізілген іс-шара аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жусандықтарды ұлық мерекемен құттықтады.
«Тәуелсіз ел болу – қазақ халқына бұйырған үлкен бақыт. Бүгінде біз әлем таныған бай қуатты мемлекетке айналдық. Ең бастысы, тәуелсіздікпен бірге тіліміз, діліміз, дінімізбен қайта қауыштық. Сәбилердің күлкісімен көмкерілген, ұрпақ болашағы үшін алаңсыз өмір сүретін қауіпсіз елміз. Бұл Жаратушының берген сыйы» деп атап өтті ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы.
Қайырымдылық акциясы аясында жусандықтарға қыстық киімдер табыс етілді. Және жиырмадан астам отбасына ет үлестірілді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.