Атырауда имамдарға арналған пәтуа берудің маңыздылығы мен жауапкершілігі тақырыбында семинар өтті.
Семинарды арнайы ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы жүргізді.
Ол пәтуа мәселесінде халықпен дұрыс мәміле жасау, сұраушы мен жауап берудің әдебін сақтауды, жетік жауап беруді үйретудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ел бойынша бір мәселеге байланысты сұрақтар қанша болса да, жауаптың бірізді болуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ қазақы құндылықтарды кеңінен насихаттау, бабаларымыздың ұстанған мұсылманшылық жолын дәріптеудің маңыздылығына тоқталды.
Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы ҚМДБ ғұламалар кеңесінде қабылданған пәтуаларды мүфтият сайтынан оқып, баспадан жарық көретін пәтуалар жинағы еңбектерін имамдар үнемі қарап, оқып жүру керектігін еске салды.
Жиын соңында имамдар наиб мүфтиге сауалдар қойып, жауап алды.







