Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы зират тұрғызу мәдениетіне қатысты мүфтият ұстанымы туралы айтты.
Қазіргі уақытта Атырау қаласы Дамбы ауылдық округінде қабір салуға арнайы жер бөлінген. Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы осы жерде бейіттерді шариғатымызға сай, ысырапқа салынбай қарапайым етіп көтеру үшін мақсатты жұмыстар жасалып жатқанын айтты.
«Мүфтият мұсылман зиратының қағидалары мен талаптары» деп аталатын құжат қабылдады. Құжатта «қабір тапталып, аяқасты болмауы үшін қоғамдық зиратты тұтас қоршаған абзал. Тұтас қоршалған зираттың ішіндегі қабірді жеке-жеке қоршау қажет емес. Егер қабірстан толықтай қоршалмаса, аяққа тапталмас үшін қабірді шариғат шеңберінде төртқұлақ етіп қоршауға рұқсат беріледі» және қабір үстіне құрылыс нысандарын салуға шариғи тұрғыдан рұқсат жоқ» екендігі айтылады.
Құлпытасқа марқұмның суретін қоюдан арылған дұрыс. Бізге қарапайымдылық қажет» деді Бас имам.