Атырауда қарттарға құрмет көрсетілді (+ФОТО)

1 қазан – Қарттар күніне орай, Атырауда орталық мешітте қайырымдылық шарасы өтті.

Шара аясында «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы төрағасы Аманқос Абдешовке
және Атырау қалалык мүгедектер қоғамы төрайымы Қамқа Нұрмұхашеваға 20 пакеттен барлығы 40 пакет ет табыс етілді.

Ізгі шараны орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесі ұйымдастырды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі