Атырауда қарияларға арналған рухани шара өтті (+ ФОТО)

1 қазан – Қарттар күніне орай, Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешіті жанындағы өкілдіктің ұйымдастыруымен өткен ізгі шара 50-ден астам адамды қамтыды.

«Қарияға құрмет – мұсылмандық асыл міндет» атты шарада қариялардың отбасындағы, қоғамдағы ролі, ұлттық тәрбие хақында насихаттар айтылды.

«Қарты бардың – қазынасы бар. Ақылдың кені болған үлкендерге әркез құрмет көрсетуіміз керек» дейді мешіт ұстаздары.

Шара аясында аналарға діни кітаптар сыйға тартылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.