Атырауда Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Атырау қаласы Жұлдыз ықшамауданында орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінде қайырымдылық шарасы өтіп, 15 отбасына азық-түлік таратты.

Ізгілік шарасы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қамтыды.

«Алла біздерге мал-мүлік берсе, Алланың берген нығметіне шүкіршілік етіп, орнымен жұмсауымыз қажет. Шүкіршілік ретінде Алла разылығы үшін белгілі бір мөлшерін мұқтаждарға беру керек. Бұл туралы Құранда: «Олардың малдарында қайыршының және (сұрауға намысы жібермеген) жарлының да ақысы бар» делінген.

Пенде мұқтажға садақа берумен сауапқа кенеледі әрі мүлкінен ештеңе кемімейді. Керісінше, Алла оның мүлкіне береке беретін болады.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай дейді: «Садақа мал-дүниені ешқашан кемітпейді. Пенде қолын садақа беру үшін созғанда, ол садақа сұраушының қолына жетпестен бұрын Аллаға берілгендей болады» (Табарани. Кәбир. ІХ, 109 б.)

«Адамның өмірінде берген бір дирхам садақасы, өлім сәтінде берген жүз динар садақасынан артық» (Әбу Дәуіт) хадисіне сай «Садақаны саулығыңда бер» деген бабалырымыз бес күндік тіршілікте ажал келместен, басқа бәле келместен алдын садақа беруді үрдіске айналдырған.

Үлес қосқан жандарға Алла разы болсын » деп алғыс білдірді Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің наиб имамы Мұхамедкәрім Сматұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.