Атырауда қазақы үлгідегі киім-кешектердің сән үлгісі көрсетілді

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде өткен сән шеруін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйелдер-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігі ұйымдастырды.

Шара аясында жастарға, орта жастағыларға және үлкен жастағы әйел адамдарға арналған киім үлгілері көрсетілді.

Қазақы нақышта көмкерілген киім үлгілері ислам талаптарына толықтай жауап береді.

«Әйел баласы өзіне жарасымды болып тұратын киім үлгісін таңдағаны дұрыс. Бұл шара қатысушы қыз-келіншектердің көңілінен шықты» дейді ұйымдастырушылар.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.