Атырауда қажы аналар бас қосты

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде қажы аналардың кездесуі өтті.

Іс шара аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы қажылық істерінің Атырау облысы бойынша өкілі Ерболат Боханов қажы аналармен кездесті.

Кездесу барысында Қажы аналар алқасының төрайымы Жұмагүл Дүйсемәлиева атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы жоспарлармен таныстырды.

Ұстаз Ерболат Боханов алдағы қажылы сапарлары мен жоспарлары туралы ақпарат берді.

Жиын соңында Қажы аналар алқасының төрайымы Жұмагүл Дүйсемәлиева орталық «Иманғали» мешіті жанындағы аналар кеңесінің мүшелері мен ұстаздарға алғыс хат табыстады.