Атырауда Жұлдыз елдімекеніне қарасты Қажымұқан Мұңайтпасов мешіті кезекті қайырымдылық шарасын өткізді.
Қайырымдылық шарасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж шаңырақтарға көмек көрсетілді.
«Алла біздерге мал-мүлік берсе, Алланың берген нығметіне шүкіршілік етіп, орнымен жұмсап, шүкіршілігі ретінде Алла разылығы үшін белгілі бір мөлшерін мұқтаждарға беру керектігін ескертеді. Бұл туралы Құранда былай дейді:
«Олардың малдарында қайыршының және (сұрауға намысы жібермеген) жарлының да ақысы бар»
Пенде мұқтажға садақа берумен сауапқа кенеледі әрі мүлкінен ештеңе кемімейді. Керісінше Алла оның мүлкіне береке беретін болады. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Садақа мал-дүниені ешқашан кемітпейді. Пенде қолын садақа беру үшін созғанда ол садақа сұраушының қолына жетпестен бұрын Аллаға берілгендей болады» (Табарани. Кәбир. ІХ, 109 б.)» деді Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің наиб имам Мұхамедкәрім Сматұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.