Атырауда ҚМДБ халал сертификатын алған мекемелерге тексеріс жүргізілуде

Атырау облысында мүфтияттың халал сертификатын алған кәсіпорындарда тексеріс жүруде.


Тексерісті «Халал даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, технолог маман Әсел Мақсатқызы және Атырау облысы бойынша бақылаушы өкіл Дәурен Ермахамбетұлы жүргізді.

Сондай ақ, тексеруші топ Атыраудағы қасапхананы тексерді.
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы және ҚМДБ «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Атырау қаласы Береке ауылында «QMDB Halal» сертификатын алған заманауи мал сою және сату кешеніне келді.

Мал базарында мал сою пункті, тазалау қызметтері және сату мүмкіндігі бар. Аталған нысанның жалпы көлемі 1000 шаршы метрді құрайды. Тәулігіне 150 мал союға арналған кешенде 150 ұсақ малға, 150 ірі малға арналған қора салынған.