Құран оқып жүрген атыраулық қыз балалар арасындағы рухани ашық сабақты белгілі ұстаз Қатеп Миланбекқызы өткізді.
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп аталатын сабақ облыс орталығындағы Танаұлы Жұмағұл ата атындағы Құран жаттау және діни сауат ашу орталығында ұйымдастырылды.
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас
Рас сөз ешуақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас» деп Абай атамыз айтқандай, мақсатымыз Құран оқып жүрген шәкірттерді ынталандыру. Әрі олардың білімін сараптау. Адам қандай жаста болса да, оқып, білім алуын тоқтатпауы керек» деді ұстаз Қатеп Миланбекқызы.