Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы «Иманғали» орталық мешіті жанынан ашылған Құран жаттау және діни сауат ашу орталығы жанынан ашылған жатақхананың ашылу рәсіміне қатысты.
Заманауи ғимарат 30 адамға арналған.
«Аллаға шүкір, мешіттеріміздің жанынан діни сауат ашу, құран жаттау орталықтары көбейіп келе жатыр. Бұл өз кезегінде сапалы әрі жас мамандар даярлауда имам-ұстаздарымызға үлкен көмек. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыттарының бірі діни білім және кадр даярлау. Осы бағыттағы жұмыстарымыз жалғасын табатын болады» – деп атап өтті Ершат Оңғаров.
Еске сала кетсек, бүгінде орталықта 30 шәкірт білім алуда. Орталықты 2021 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы ашқан болатын.