Атырауда Құран жаттау орталығының іргетасы қаланды (+ ФОТО, + ВИДЕО)

Атырауда Жұмағұл Танаұлы атындағы Құран жаттау және діни сауат ашу орталығының қазығы қағылып, белгі орнатылды.

Игі шараға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы, Атырау облысының құрметті азаматы Төкен Танаұлы және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Шарада сөз сөйлеген Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы орталықтың келешек ұрпақ үшін маңыздылығына тоқталды.

«Біз қоғамға жан-жақты діни құндылықтарымызды насихаттау үшін сауатты болуымыз керек. Ол үшін дін мамандарын дайындап, елге, Отанға қызмет ететін отаншыл ұрпақты тәрбиелеуіміз керек.

Бүгінгі қазығы қағылған орталықтың берер пайдасы орасан зор болмақ. Бұл орталық заманауи әрі соңғы үлгідегі жарақтармен қамтамасыз етіледі. Білім алушыларға барлық жағдай жасалады, – деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.

Төкен Танаұлы ізгі істі қолға алғандағы негізгі мақсаты өмірден өткен әкесінің артынан сауапты амал жасау екендігін жеткізді.

«Кішкене кезімде әкемнен айырылып, өмірдің көп сынақтарын көріп өстіп. Атамның тәрбиесінде болдым, насихатын тыңдадым. Өстім, шыңдалдым, өмір көп нәрсеге үйретті. Әкемнің артынан қ

Құран бағыштап, ізгі істі қалдыру үшін осы орталықтың негізін қалап жатырмыз деп,-тілегін білдіріп, қолдаған жандареа алғысын жеткізді.

Еске сала кетсек, ислам орталығында асхана, дүкен, намазхана, отбасын татуластыру бөлімі, араб тілі, құран үйрету, діни дәрістер және 30 адам арналған жатахана және имамдар мен кез-келген білім алушылардың жатып оқуына мүмкіншілік жасалған.

Мекеменің құрылыс жұмыстары биыл басталып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспаплануда