Атырауда Құранды жатқа айтудан жарыс өтеді


24 тамыз күні Атырауда Құран жарысының іріктеу кезеңі өтеді.


Жеңімпаздар XI республикалық Құран жарысына қатысады.
Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша іріктеу сайысының ережесін жариялап отыр.


Жарысқа 30 жастан аспаған Қазақстан азаматтары қатыса алады.
«Үміткер бір номинацияға ғана қатыса алады, жаттаған Құран паралары толық болуы тиіс. Құранды жатқа айту, тәджуид талаптарына сай оқу мәдениеті ескеріледі» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі