Атырауда Алтынбек Ұтысханұлы ақсақалдарға құрмет көрсетті (+ ФОТО)

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы орталық «Иманғали» мешітінде жамағаты арасындағы ақсақалдарға құрмет көрсетті.

«Мешіттеріміз үшін ақсақалдардың орны әркез төр. Жастарымызды тура жолға бағыттап отыратын ақсақалдарымыз ақылдың кені. Мешіттің ішкі тәртібін сақтауда да ақсақалдарымыздың рөлі бар. Қазыналы қарияларымызды үнемі сыйлап жүруміз керек» деп атап өтті Бас имам.

Бас имам бірқатар ақсақалға шапан жауып, жастарға үлгі етті.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.