Мүфтият биыл онлайн құрбандық шалу форматын ұсынып отыр.
Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
«Ол үшін арнайы qurban2022.kz сайты іске қосылды. Сайт қызметін қала тұрғындары қолдана алады. Қалаған құрбан малына тапсырыс беріп, онлайн төлем жасағандарға онлайн форматта фото, видео есеп беріледі.
Атырау қаласы бойынша құрбан малдарын «Тума», «Асыл агро», «Адал» базарларынан алып, аталған жерлердегі мал сою пункттерінен мал союға болады» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.