Атырауда орталық мешітте облыстың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен жергілікті мешіттер имамдары үшін жиын өтті.
Онда Құрбан айт мерекесіне дайындық, құрбан шалу мәселелері талқыланды.
«Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Құрбан айтқа байланысты мәлімдеме жасағаны белгілі. Яғни, құрбандықты ауылдық жерлер үшін дәстүрлі форматта, қалалық жерлерде онлайн форматта шалу ұсынылып отыр. Оған себеп әлі де болса беті қайтпай отырған пандемия екені белгілі.
Осы ретте мешіттеріміз қызмет көрсету мәселесіне толық дайын болуы керек. Мүфтият ұсынған онлайн платформа арқылы құрбан шалу үшін биыл да арнайы штаб құрылады. Оның құрамына тиісті сала мамандары кіреді» деген Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы қасапханалар, мал сою пункттерінің дайындығын тексеруге байланысты бірқатар тапсырмалар берді.
Құрбан айт мерекесінің нақты датасын мүфтият жуцқ арада жариялайтын болады.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.