Атырау қалалық Құспан молла мешітінде демеушілер қолдауымен өткен қайырымдылық шарасы 20 отбасын қамтыды.
Әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлықты қажет ететін мұқтаж шаңырақтарға барлығы 2 тонна азық-түлік және әр шаңыраққа 5 мың теңгеден қосымша қаржылай көмек санитарлық талаптарды сақтай отырып, ашық аспан астында үлестірілді.
«Қазақта «Жетім көрсең, жебей жүр» деген керемет сөз бар. Бір-бірімізге бауыр, достық ниетпен қамқорлық жасайтын болсақ, сауап пен алғысқа бөлейтін амал осы болмақ.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мешіттеріміз үшін бекіткен негізгі жұмыс бағыты – қайырымдылық. Демек, бұл бағыттағы шаралар жалғасын табады» деді Атырау қалалық Құспан молла мешітінің имамы Эммат Ғұмаров.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.