Атырауда балғын шәкірттер діни ілімдерін сарапқа салды (+ ФОТО, + ВИДЕО)

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде құлшылық үйлерінде дәріс алып жатқан балалар арасында сайыс өтті.

Жас шәкірттер Құранның 30-шы парасын жатқа айту, «Исламдағы таңдаулы 100 сұрақ» кітапшасы бойынша сынақ тапсырды.

«Жаз маусымында Атырау мешіттері жанынан жас шәкірттер діни білім алуда. Екі айға жуық уақыт ішінде шәкірттер Құран әліппесін және «Исламдағы таңдаулы 100 сұрақ» кітапшасын толықтай жаттап бітірді.

Барлығы 50 шәкірт ілім алып жатқан сауат ашу курсы барысында 20 шәкірт Құранға түсіп, тәжуид қағидасымен Құран оқуда» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Сайыс қорытындысымен Абдурахман Асанұлы, Рифат Ринатұлы, Радмир Ринатұлы, Әли Дастанұлы, Ахмедияр Алдонғарұлы жеңімпаз деп танылды.

Жеңімпаздарға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы велосипед, самокат, скейтборд сынды бағалы сыйлықтарды табыс етті. Сонымен бірге, барлық қатысушы шәкірттерге ойын доптары сыйға тартылды.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.