Атырауда Құспан молла мешітінде қайырымдылық акциясы өтті

Ауқымды деңгейде ұйымдастырылған шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға қысқы киім-кешектер табыс етілді.

Сонымен бірге, мұқтаж 30 отбасыға бірінші қажеттіліктегі азық-түліктер табысталды. Сондай-ақ, Атырау қаласындағы денсаулық сақтау нысандарының біріне мүгедектерге арналған қол арба берілді.

Және есімін атамауды өтінген мүмкіндігі шектеулі ақсақалға балдақ берілді.

Қайырымдылық шарасын ұйымдастырушы Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Сұлтанғалиұлы ізгі шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – қамкөңіл жандарды ұмыт қалдырмай, оларға қоғам назарын аудару екендігін айтты.

«Мешітіміз әрқашан қайырымдылыққа көңіл бөледі. Осы шараға атсалысқан жандарға шын ниетпен рақмет айтамыз. Алланың берер рызығы таусылмайды», — деп тілек білдірді Эммат Ғұмаров.

Айта кетейік, ҚМДБ жеті бағытының бірі қайырымдылық болса, осы игі іске облыс мешіттері белсенді атсалысып келеді.