Атырауда Құспан молла мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Мәуліт айының құрметіне орай, Атырау қалалық Құспан молла мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Ізгілік шарасы аясында көп балалы 50 отбасыға азық-түлік көмегі көрсетілді. Мешіттің бас имамы Эммат Ғұмаров басты міндет – халыққа қызмет көрсету екендігін атап өтті.

«Мешіт тарапынан қайырымдылық шарасы жиі ұйымдастырылып келеді. Мешітімізге жәрдем сұрап келетін жандар да баршылық. Мәуліт мерекесі құрметіне осындай игі шараны ұйымдастырып отырмыз» деді Атырау қалалық Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров.

Айта кетейік, Мәуліт айының құрметіне Атырау мешіттерінде әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.