Атырауда жазғы сауат ашу лагерінің алғашқы легін 80 қыз бала аяқтады. Шәкірттерге Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы салтанатты жағдайда сертификат табыс етті.
Шәкірттер бір ай бойына аптасына 5 мәрте түрлі тақырыптар бойынша білім алды.
Оның ішінде, шәкірттер «Имандылық әліппесі», «Құран әліппесі», «Салт-дәстүр сабақтастығы», «Зиялы қауым өкілдерінің аталы сөздері», «Ұлттық құндылықтар» бағыттары қамтылып отыр.
Еске сала кетелік, Атырау облысы бойынша мешіттерде 1500 шәкірт жазғы сауат ашу лагерін аяқтағанын хабарлаған едік.