Атырауда Рамазанға дайындық мәселесі талқыланды

Атырауда Рамазан айына байланысты облыс имамдарының жиыны өтті.

Жиын барысында облыстың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы биылғы Рамазан айында атқарылатын шаралар, мешіттердің ішкі-сыртқы тазалығы, қайырымдылық, ізгі істерді көптеп ұйымдастыру бағытында тапсырма берді.

«Рамазан айында мешіттерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ең бастысы Алланың разылығын көздеп, ынтымақта абыроймен өткізуді нәсіп етсін» деді Алтынбек Ұтысханұлы.

Биыл Рамазан айы 11-ші наурызда басталады. Пітір-садақа 640 теңге болып бекітілді.