amin.kz/ 30 шілде, 2020 жыл. Құрбан айт қарсаңындағы мал базарларының санитарлық жағдайы, жалпы атаулы күнге дайындық барысы тексерілді.
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бастаған Құрбан айт мейрамын өткізу жөніндегі арнайы штаб мүшелері мал сою пункттерінде құрбан шалу барысында қатаң санитарлық режим сақталуы керек екендігін ескертті.
Қазіргі уақытта штаб мүшелерімен бекітілген мал базарларында дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Еске сала кетелік, құрбан малын онлайн шалуға тапсырыс qurban2020.kz сайты арқылы 31 шілде, 1 тамыз күндері де қабылданады.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.