Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешіті 135 оқушыға сабақ құралдары салынған сөмкелерді табыс етті.
Көп балалы отбасылардан шыққан балалар қамтылған ізгі шараны Сұлтан Бейбарыс мешіті Атырау қаласы, Индер ауданына қарасты Өрлік, Есбол ауылдарында да жалғастырды.
«Мақсатымыз – көп балалы отбасыларына аз да болса демеу көрсету. Балалардың алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалуы қажет» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.
Еске сала кетелік, «Мектепке жол» акциясы аясында облыс мешіттері барлығы 1050 баланы оқу құралдары, сөмке, киім-кешекпен қамтамасыз етті.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.