Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешітінде білім сайысы өтті

Рамазан айына орай, Сұлтан Бейбарыс мешітінде өткен білім сайысына барлығы 15 шәкірт қатысып, бақ сынасты.

Шәкірттер ораза туралы қойылған сауалдарға жауап берді. Қатысушылардың білімін Сұлтан Бейбарыс мешітінің наиб имамы Нұрлан Жарқынбаев саралады.

«Бұл жолы сынақ тест түрінде өтті. Шәкірттер ораза туралы кездесетін ең жиі сұрақтар бойынша білімдерін сарапқа салды. Сайыстың мақсаты – рухани білім беру, ағарту. Ораза асылында ішіп-жеуден тыйылу ғана емес. Ораза адамның өз-өзін тәрбиелеуге жол ашатын керемет мүмкіндік айы. Оразада адам өзін жан-жақты дамытып, білім алуға ұмтылуы керек» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің наиб имамы Нұрлан Жарқынбаев.

Сайыс қорытындысымен білім бәйгесінде Серік Хабиев пен Мейірбек Махимов топ жарды. Жеңімпаздар сый-сияпаттармен марапатталды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.