Атырауда қала мешіттері арасында садақ атудан және таеквондодан турнир өтуде.
Турнирді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Атырау облысы бойынша өкілдігінің қолдауымен Сұлтан Бейбарыс мешіті ұйымдастыруда.
«Сұлтан Бейбарыс – есімі күллі әлемге мәшһүр болған қайраткер, тарихи тұлға. Ол Отанды сүюдің озық үлгісін көрсетті. Біздің мақсатымыз – жамағат арасында осындай қайраткерлердің есімін, өнегелі өмір жолын дәріптеу. Әрі спорттық шаралар арқылы, салауатты өмір салтын насихаттау» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Турнир екі күнге созылады. Садақ ату және таеквондо бойынша үздік шыққандар ертең салтанатты жағдайда марапатталады.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.