Жылыойда жазғы сауат ашу курсын 90 шәкірт аяқтады

Жылыой аудандық орталық мешіті жанынан ұйымдастырылған “Имани жаз – 2022” жаздық сауат ашу курсы аяқталды.

Курсты толық аяқтаған 40-ер бала, 50 қыз балаға салтанатты жағдайда сертификаттар табыс етілді.

«Курстың мақсаты – жас буынға рухани тәрбие беру болды. Балалар «Құран әліппесі» бойынша дәріс алды. Шәкірттерге әдеп, иман, адамгершілік сынды құндылықтарды сіңіруге тырыстық» дейді ұстаздар.

Шәкірттерге бір ай бойына дәріс берген Әбу Ханифа медресе – колледжінің, Сарыағаш медресе – колледжінің студенттері
Айгүл Марксқызына, Муса Нұрлыбекұлына, Дінасыл Қосшығұлұлы на алғыс хаттар табысталды.