Атырауда орталық мешітте 40 отбасына көмек көрсетілді

Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Орталық мешіт жанындағы Қайырымдылық мекемесі ұйымдастырған ізгілік шарасы аясында 15 отбасына азық-түлік, 20 отбасына ет таратылды.

Іс-шара әлеуметтік жағдайы төмен, жұмыссыз жүрген азаматтарды, көп балалы шаңырақтарды қамтыды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдау шаралары жалғасады.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.