Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Сыбаға» ет дүкеніне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал стандарт сертификатын табыстады.
«Халал Даму» мекемесінің мамандары жүргізген тексеріс нәтижесінде мекеменің өнімдері «Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын сою» және «Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға» қойылатын жалпы талаптар стандартына сай екендігін анықтады. Сертификаттың жарамдылық мерзімі бір жыл.