Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Қарилар орталығына Құран кітаптарын табыс етті (+ ФОТО)

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы орталық «Иманғали» мешіті жанынан жұмысын бастаған Құран жаттау және діни сауат ашу орталығына барып, Құран кітаптарын табыс етті.

«Ілім алу, ізденіс жолындағы қадамдарыңызға сәттілік тілеймін. Құранды оқу, үйрену – өз алдына үлкен сауапты іс. Білім алып, оны ел игілігі жолында қолдану арқылы сіздер қоғамның, руханиятымыздың дамуына ықпал етесіздер» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Демеушілік қолдаумен орталыққа барлығы 30 Құран кітабы тапсырылды.

Еске сала кетелік, Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітіне қарасты Құран жаттау және діни сауат ашу орталығында бір мезетте 30 адам тәлім алады. Ғимаратта асхана, жатақхана, ұстаздар бөлмесі, қонақ бөлмесі және дәрісхана бар.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.