Атырауда Құран жаттау және діни сауат ашу орталығына шәкірттер қабылданды (+ ФОТО)

Атырау облыстық «Иманғали» мешіті жанынан ашылған Құран жаттау және діни сауат ашу орталығына шәкірттер қабылданды.

Оқуға ниет білдірген 18 шәкірт арнайы құрылған комиссия мүшелері алдында сынқ тапсырды.


Шәкірттер оқу орнынан Құран жаттауды және шариғат ілімдерін үйренетін болады.

Мешіт имамдарынан құрылған комиссия шешімімен 14 шәкірт іріктеуден өтіп оқуға қабылданды. Сабақтың бірінші күні оларға Сарф, араб тілі, әдеп және Құран, тәжуид бойынша дәрістер өтті.

Еске сала кетелік, жуырда ғана Атырауда Құран жаттау және діни сауат ашу орталығы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы қатысуымен ашылған болатын.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.