Қасиетті Рамазан айында Тарауыққа жиналған Атырау қаласы тұрғындарының түнгі мезгілде үйлеріне кедергісіз жетуі үшін тегін автобустар қызмет көрсетуде.
Автобустар тұрғындарды орталық мешіт маңынан төрт бағытқа, яғни, Авангард, Нұрсая, Балықшы, Вокзал маңы ықшамаудандарына тасымалдауда.
Тарауыққа ұйыған жамағат бұл жағдайдың өте ыңғайлы екенін айтады.
«Атырау облыстық «Иманғали» мешіті мен Атырау қалалық әкімдігінің арасындағы келісім нәтижесінде, автобустар Рамазан айы бойы Тарауықтан шыққан азаматтарды тегін тасымалдауда. Тарауыққа қатысып, сансыз сауап жинауға асығатын жамағат саны артуда. Сондықтан, мұндай қызметке жамағат тарапынан сұраныс жоғары. Қолдап отырған мекемелерге алғыс айтамыз» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.