Атырауда «Tawaf Trevel» қажылық компаниясының өкілі тағайындалды

Ерболат Боханов «Tawaf Trevel» қажылық компаниясының Атырау облысындағы өкілі болып тағайындалды.

«Tawaf Trevel» қажылық компаниясы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан жұмыс істеп келеді.

Түрлі пакеттер бойынша қызмет түрін ұсынатын «Tawaf Trevel» компаниясы ұшақ билеттері, виза, қонақ үй, таңғы және кешкі ас, трансфер, дәрігер, мобилограф қызметтерімен бірге, діни білімді, тәжірибелі гид қызметін және Мекке, Медина қалаларына экскурсия ұсынып отыр.