Атырауда түзеу мекемесіне діни әдебиеттер берілді

Атырауда N15 ерлер түзеу мекемесінің кітапханасына діни әдебиеттер тапсырылды.

Әдебиеттерді орталық «Иманғали» мешітінде наиб имам Мұрат Мұстафаев аталған мекеме өкілі, аға инспектор Н. Мухамбетовке табыс етті.

Діни әдебиеттер қатарында «Мүфтият» баспасынан жарық көрген «Ихсан – рухани тәрбие негізі», «Ихсан – основа духовного воспитания», «Намаз оқып үйренейік»,
«Пайғамбарымызды танисыз ба?»,
«Қажылық және ұмра анықтамалығы»,
«Мінсіз Мұхаммед» және «Тәджуид» кітаптары бар.

Еске сала кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыттарының бірі – діни оңалту. Осы бағыттарда жат ағым жетегінде кеткендерді қайта әлеуметтендіру мақсатында мешіттерде кешенді шаралар атқарылуда.