Атырауда үш адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

amin.kz/27 наурыз, 2020 жыл. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.

Қазіргі таңда пандемияның 124 дерегі расталып отыр. Аталмыш дерттен бір адам көз жұмды. Екі адам жазылып шықты.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында – 60 адам, Алматы қаласында – 48, Қарағанды қаласында – 4, Шымкент қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1, Жамбыл облысында – 3, Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Ақмола облысында – 1 адам, Атырау облысында 3 адам, жалпы 121 науқас тіркелді.