АТЫРАУДА«ҮЗДІК ӘЙЕЛ ҰСТАЗ – 2026» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Атырауда әйел-қыздар секторының жетекшісі Назгүл Медерқызының ұйымдастыруымен «Үздік әйел ұстаз – 2026» шығармашылық байқауы өтті.

Байқауға 8 ұстаз қатысты. Бірінші кезеңде қатысушылардың әлеуметтік желіге жариялаған таныстыру бейнероликтері (лүпіл саны, мазмұны, сапасы) бағаланды. Екінші кезеңде «Қазақ тарихындағы асыл аналар» тақырыбында мақала жазып, слайд арқылы қорғады.


«Ұстаз – қоғамның рухани тірегі, ұрпақ тәрбиесінің негізін қалаушы тұлға. Әйел ұстаздардың орны ерекше. Осындай байқаулар ұстаздардың кәсіби деңгейін арттырып, тәжірибе алмасуына жол ашады. Бүгінгі қатысушылардың барлығы – өз ісінің мамандары. Барша ұстаздарға еңбектеріне береке тілеймін», – деді Болатбек Ұласқанұлы.

Қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпазы болып Абсалықова Айсәуле Жәнібекқызы танылды. Жеңімпазға арнайы диплом, «Жыл үздігі» статуэткасы және ALI MOTORS ATYRAU демеушілігімен 100 000 теңгелік сертификат табысталды.

Қатысушыларға алғыс хаттар мен демеушілер тарапынан арнайы сыйлықтар берілді.