Иманғали орталық мешітінде жамағат арасында «Ойлан, тап!» атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.
Сайысқа облыс мешіттерінен 15 команда қатысып, өзара білім сайысында бақ сынады. Шараны өңірдің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Білім – мұсылман үшін ең үлкен құндылықтардың бірі. Осындай интеллектуалды сайыстар жамағаттың білімін арттырып қана қоймай, өзара бірлікті нығайтады. Дініміз де, дәстүріміз де ілімге ерекше мән береді. Бүгінгі жарыс – тек білім сынағы емес, ол – ой-өрісті кеңейтіп, ізденіске жетелейтін игі бастама. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін», – деді.
Сайыс барысында қатысушылар діни, медиа, география, логика және әлемдік тақырыптарды қамтыған сұрақтарға жауап берді.
Нәтижесінде:
🥇 І орын – «Сәруар» командасы
🥈 ІІ орын – «Парасат» командасы
🥉 ІІІ орын – «Бақтыгерей Молла» команда
Жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды.









