Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің және РАНТ мүшесі, «Балаби қари» қарилар даярлау орталығының директоры Арман Баймаханұлы Атырау облысына жұмыс сапары аясында Атырау қаласындағы «Ықылас» мешітінің жанынан ашылған Дін мен дәстүр бұрышын ашты.
Қазақы нақышта әзірленген дін мен дәстүр бұрышында ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр насихатталады.
Арман Баймаханұлы тілегін білдіріп, батасын берді. Орталықта жас жұбайлардың некесі қиылып, нәрестеге азан шақырып, ат қойылды.
Дін мен дәстүр бұрышы – ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, қоғам тәрбиесіне атсалысатын алаң ретінде жұмыс істейтін болады.