Атырауда «Ықылас» мешітінің наиб имамына құрмет көрсетілді

Атырау қаласының Ракуш ауылында орналасқан «Ықылас» мешітінің наиб имамы Акажон Юсупов білімін жетілдіру мақсатында оқуға түсуіне орай, қызметін тапсырды.

Орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев, «Ықылас» мешітінің имамы Назарбай Абдураманов бастаған бір топ атыраулық имам ұстаздар ұстаз Акажон Юсуповқа шапан жауып, құрмет көрсетті.

Еске сала кетсек, Акажон Ахметұлы Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Гүлістан ауылының тумасы. 2012-2015 жылдары ҚМДБ -ға қарасты Шымкент қаласында орналасқан Шымкент медресесін тамамдаған.

2018-2019 жылдары Қырғызстан мемлекеті, Бішкек қаласы, Арашан ауылында орналасқан, Араш Құран курсында Құран-Кәрімді толық жаттап шыққан қари.

2019-2022 жылдары Түркия мемлекеті, Қожаели қаласындағы Қожаели діни жоғары оқу академиясын тамамдаған. 2022-2023 жылдары ҚМДБ Атырау қаласы, Береке елдімекеніндегі «Иман» мешітінде наиб имам, 2023-2024 жылдары ҚМДБ Атырау қаласы, Ракуш елдімекеніндегі «Ықылас» мешітінде наиб имам қызметін атқарды.