Атырауда жамағат арасында білім сайысы өтті

Ерекше білім бәйгесін Атырау қаласындағы «Медет» мешіті ұйымдастырды.

«Мұзафар Әлімбаев: «Білім – қымбат қазына, қанағат тұтпа азына», – деп айтқанындай, адам баласы алған білімін қанағат тұтып тоқтап қалмай, өмірбақи ізденіп, даму үстінде болуы қажет. Сол себепті де бұрынғы өткен даналардан: «Екі адам тоймайды. Бірі – дүние іздеген адам, ал екіншісі – білім іздеген адам», – деген сөз қалған. Біздің мақсатымыз – білім шаралары арқылы жамағат бірлігін арттыру болды» дейді ұйымдастырушылар.

Білім бәйгесінде қатысушы жамағат тарихи, рухани және діни сұрақтарға жауап берді.

Бәйге қорытындысымен қатысушылар марапатталып, діни кітаптар тарту етілді.