Атырауда Геолог ауылы жамағатының ұйымдастыруымен рухани басқосу өтті.
Шараға қала мешіттерінің имам, ұстаздары және белсенді жамағаттары қатысты.
Рухани шараға қатысқан Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жамағаттың ауызбіршілігі үшін рахметін айтты.
«Қазіргі таңда Атыраудағы мешіт жанашырлары басқа өңірлерге үлгі боларлықтай деңгейде. Қандай істің басында болса да ықыласпен атсалысып жүр. Бүгінгі басқосуда Рамазан айынан кейінгі жамағаттың сағынып қауышқан берекелі отырысы деп айтуға болады. Осылайша дініміз, еліміз үшін аянбай күш біріктіре қызмет етуіміз керек. Қоғамдағы кеселді дерттерден айырып, жақсылыққа шақыру міндетіміз. Баршаңызға Алла разы болсын,-деп тілегін білдірді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Айта кетсек, шараға жүзге жуық адам қатысты. Шара аясында түрлі спорттық сайыстар өткізілді. Командалық есепте жүлделі бірінші орынды «Ихсан» мешіті, екінші орынды Қ.Мұңайтпасов мешіті және үшінші орынды » Анашым» мешіті иеленді.