Смайыл Сейтбеков атыраулық жамағатпен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков Атырау облысына сапары барысында орталық Иманғали және Әт-Тақуа мешіттерінде болып жамағатпен кездесті.

Кездесуде мұсылмандардың өзара бауырмалдығы, нәпсіні тәрбиелеу, тура жол түсінігі турасында насихат айтты.

«Әр адам жаман сипаттардан арылу үшін де, өзінің бойында қандай жаман сипаттар бар екендігін жақсылап анықтап алуы қажет. Осыдан кейін әр жаман сипаттан қалай арылу керектігі жөнінде білім керек. Рухани ортадан алыстамаған адам иманын толықтырып жүреді,-деп атап өтті ұстаз Смайыл Сүйерқұлұлы.