Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, теологтар, мешіт имамдары, ұстаздар терроризм, экстремизм бабымен істі болғандарға арнайы дәрістер өткізуде.
Осындай арнайы діни дәрістер Атырау облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ерлер түзеу мекемесінде басталды.
Мұнда әр аптаның сейсенбі күнінде «Тәпсір» сабағы өтуде.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда Діни оңалтудың кешенді жобасы бекітілген болатын.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.