Атырауда орталық мешітте көз жанарынан айрылғандарға азық-түлік үлестірілді

«Иманғали» орталық мешіті жанындағы қайырымдылық мекемесі кезекті шара ұйымдастырды.

«Атырау соқырлар қоғамдық қоры» жанындағы оқу өндірістік мекемесіне азық-түлік үлестірілді. Мекеме өкілі Мадияр Мырзағалиев үнемі жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқан мешіт ұжымына алғысын жеткізді.

Еске сала кетелік, қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барлық мешіттер үшін бекіткен ең негізгі жұмыс бағыты.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.