Атырауда екі дәмхана халал сертификатын қайта жаңартты

Атырау қаласында орналасқан «Morocco» және «Coffe River» дәмханалары сертификат жаңартты.

Аталмыш мекемелерге Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мен ҚМДБ Халал Даму ЖШС-нің бас сарапшы технологы Айжан Омарова сертификат табыстады.

Дәмхана ҚМДБ халал стандарттарына сай жұмыс жасауда. Бұған дейін де «Халал Даму» мекемесінің жергілікті мамандары дәмханаларды толық тексерістен өткізген болатын.

Сертификат жарамдылығы бір жыл.